Орыс тілінде оқытылып, тәрбиеленетін ересек «А» тобындағы қазақ тілі сабағы бойынша ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы ұсынылған.
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».
Тақырыбы: «Біздің айналамыздағы ағаштар»
Мақсаты: Ағаш түрлері туралы білімдерін бекіту. Балалардың есте сақтау, ойлау
қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту. Тәртіп мәдениеттерін тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Әдістер: сұрақ-жауап, көрнекілік, ауызша, ойын, практикалық
Тәсілдер: көркем сөз, проблемалық сұрақтар, сұқбаттасу, мадақтау, дидактикалық ойын, жұмбақ шешу
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаш суреттері.