Бақыт – ол шынайы жылулыққа толған ерекше сезім!
Денсаулық,байлық,ырыс,береке,жылу сыйлар жақын жандар,отбасы,арман,мақсат,жетістік,шаттық,қуаныш.Бұлардың барлығы,біз бақыт деп қабылдайтын ұғымдар.Әр адам бақытты әртүрлі түсінеді.Ал мен үшін бақыт деген:жарық дүние есігін ашқаным,отбасымның сүйіспеншілігі,амандығы,анамның шаттанған күлкісі,ыстық алақаны,жақындарымның жанымда болуы,мақсатымның болғаны.
Жаратушының бізге сыйлаған өмірдің әр күні бақыт.Оны сезіне білу керек.Бірақ кей адамдар бақыт деп қабылдамайды,сезінбейді.Ал енді осы тұста кейбір адамдар бақыт деп қабылдайтын,қате түсінікке тоқталайық.
Олар ақша,байлық.
Бұл ұғымды кейбіреуі нағыз бақытқа ұластырып әкетеді.
Ал қалғаны бақыттың көр басқан түбіне кетеді.
Бұл екі ұғымның әрқайсысына жеке тоқталып өтейін:
1.«Байлықты нағыз бақытқа ұластыру» Ол дегеніміз – мейірімділік,қамқорлық,қарапайымдылық.Қорыта айтқанда сананың тазалығы.Санасы таза,бай адамдар айналасындағы мұқтаж жандарға көмектеседі,қамқорлық танытады.Бастысы – қарапайым болады.Айналасына жылу сыйлау арқылы бақытты болады.
2.«Байлықтан бақытты көр басуы» Ашкөздік,дүниеқоңыздық,тәкаппарлық.Қорытындысы ластанған сана.
Е,Құдайым бала бер,
Бала берсең сана бер.
Сана бермеген балаңды
Қайтып өзіңе ала бер.
Мақалмен ойымды жеткіздім деп санаймын.Бақыт есігі жылусыз адамдарға ашылмайды.
Бақытты дұрыс қалыптастырайық.
Жылу сыйлар бақыт иесі болайық.
Бақыт есігі
Ғажайып бақ,әдемі көз тоймайтын,
Бақтың іші,әртүрлі сезім жолдайтын.
Ал алдыңда үлкен есік жарқыраған,
«Мені аш,маған кір»-деп қоймайтын.
Ол есік бақыт есігі,кез-келгенге жолықпайтын,
Бақытты үлкен қылып толықтайтын.
Бақыт,қуаныш,шаттық түрлі сезім
Сондықтан кіруге қорықпайын,қорықпайын.
Публикации
Наши олимпиады