8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салу
Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология:
− квадраттық функция;
− парабола;
− парабола төбесі, парабола тармақтары;
− симметрия осі;
− функцияның нөлдері;
− квадрат екімүшелік;
− дискриминант;
− параллель көшіру;
− графиктің симметриялы бейнесі;
− х осіне сығу;
− х осінен созу;
− оңға/солға жылжыту.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
− парабола тармақтары …бағытталған;
− график Ох осінен… (жоғары, төмен) орналасқан;
− квадраттық функция графигі Оу осін… (жоғарыдан, төменнен) қияды, өйткені с …0 (>,<);
− берілген функцияның графигін … графигін екі рет параллель көшіру арқылы алуға болады: … бірлікке … х осі бойымен (оңға, солға) жылжыту және … бірлікке … у осі бойымен (жоғары, төмен) жылжыту
− k>1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен k есе созу арқылы шығады; 0< k < 1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен есе сығу арқылы шығады.