Невроз-өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Латынша жүйке тозуы деген мағына береді. Ол адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің созылмалы аурулар тобы.
Ауру себебі: шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамиды, жүйке жүйесі әлсіреуі.
Невроз белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтықтан шыға алмау.
Емдеу
- Ұйқы арқылы емдеу;
- Психотерапия-көзін жеткізу арқылы ықпал ету. Невротикалық жағдай кезінде мида өтетін процестердің сипатын ауру адамға түсіндіре алса және дәрігердің кеңесін орындаса, емдеуге сенетін болса, жұмыс нәтижелі болады.
- Гипнозбен емдеу-бұл ұйқы арқылы емделеді, бірақ жасанды ұйқы.
- Емдік дене шынықтыру жаттығулары. Бұл тәсіл ауру адамның сырқатын уайымдаудан құтқарады.