| Бөлімнің атауы:Таза, мінсіз асыл сөз | Мектеп:«Семей қаласындағы №6 гимназиясы» КММ | ||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Масалимова Бакытгуль Ешенгазиновна |
||||
| Сынып:5 Пәні:қазақ әдебиеті | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
| Сабақтың тақырыбы | «Қобыланды батыр» жыры | ||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.А\И4 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу. | ||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:«Қобыланды батыр» жырының негізгі идеясын түсініп, алған әсерін сипаттап айта алады, өлең жазады; | ||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады:«Қобыланды батыр» жырынан алған әсерін сипаттап, кейіпкерге өлең жазады; | |||||
| Кейбір оқушылар орындай алады: «Қобыланды батыр» жырынан алған әсері бойынша кейіпкерге хат жазады; | |||||
| Бағалау критерийі 1.Кейіпкерге хат, өлең жазады. |
|
||||
| 2.Хат, өлең мазмұнынан алған әсерімен бөліседі. |
|
||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:жырдың негізгі идеясын түсініп, алған әсерін сипаттап айтады,өлең, хат жазады. | ||||
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қозыжауырын жебе, ақ алмасқа қол салды, семсерменен серместі | |||||
| Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Қара қыпшақ Қобыланды, Қызылбастың елі, Құртқа сұлу,Қараманмен Қазанға жорығы, Көбікті еліне жорығы,елін жаудан азат еткен ер. | |||||
| Талқылауға арналған сұрақтар: Шығарма сіздерге қандай әсер қалдырды? |
|||||
| Қазіргі таңда Қобыланды сынды батырлар бар ма? | |||||
| Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағындағы идеялар «Қобыланды батыр» жырын оқыту барысында ішінара іске асырылады. | ||||
| Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы | ||||
| Алдыңғы оқу 4 мин |
«Өрмекші торы» әдісі арқылы жырды қайталайды. | ||||
| Жоспар | |||||
| Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы 5мин |
Топқа бөлінеді (суреттер арқылы)С. «Кім сұрақ қояды?» ойыны Сабақтың мақсатымен, табыс критерийлерімен танысады |
Қобыланды батырдың суреті экранда тұрады | |||
| Сабақтың ортасы 30 мин |
Т. І топ (қылқалам суретін алған оқушылар) «Қобыланды батыр» жырынан алған әсерін сипаттап «Пазл» әдісімен өлеңді толықтырып жазады. (10мин) Ескерту: өлең мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы айту қажет. ІІ топ (қарындаш суретін алған оқушылар) – «Акроним» әдісімен өлең шығарады. Модельдеу ұсынылады. (10мин) ІІІ топ (хат суретін алған оқушылар) – Қобыланды батырға хат жолдайды. (10мин) Ескерту: хат мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі үшін Қобыландыға алғыс айту қажет. |
Флипчарт, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы. «Акроним» әдісімен жазылған өлең үлгісі. |
|||
| Сабақтың соңы 6 мин |
«Галлереяға ой шарлау» әдісі арқылы бір – бірін бағалату. Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы ҚБ жүзеге асыру |
стикерлер
|
|||
Публикации
Наши олимпиады



