Халқымыз қашан да дарынды тұлғаларын құрметтеп, кейінгілерге үлгі етіп отырған.
Тәуелсіз мемлекет ретінде қазақ елінің тарихы мен түп-тамырын танудың тиімді жолы – өткенін сұрыптап, бүгінгісін таразылап, болашағын бағдарлау мәселелерін бір желіде сабақтастыру. Осымен байланысты мәселенің өзегі – рухани қазыналарымызда сақталған ұлтты ұйытып, тұтастыратын арқауды анықтау.