1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;
Түрі: Дөңгелек үстел дөңгелек үстелдің барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Әңгіме сұхбат
(Бір парақ қағазға Адам құқығы тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
3). Жемқорлық дегеніміз не? Түсінік қалыптастыру
Баяндама жасау.
4) 1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады, сыбайлас-жемқорлық үдерістерді бұқаралық ақпараттық құралда (одан әрі БАҚ) жариялау, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру. Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.