5-сынып оқушыларына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Барлық оқушылар үшін:
-
Интернет ұғымы туралы білім алады. Интернет түсінігімен, Интернеттен ақпарат алу, браузер түрлері, электрондық пошта қызметі, домендік атаулармен, Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау керектігімен танысады, білімдері қалыптасады.
-
Біліп, үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
-
Түсінеді, талдайды, білімін қолданады. Интернет ұғымы, Интернеттің пайдасы мен зияны туралы, Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау талаптарын меңгереді.
Кейбір оқушылар:
-
Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды. Интернеттен ақпарат алуды. Браузер түрлерімен, электрондық пошта қызметімен және ақпарат алмасу түрлерімен танысады.