Аниондардың сапалық реакциялары №5 зертханалық тәжірибе «Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау»
Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Аналитикалық химия – иондарды анықтаудың ерекше әдісі, ол топтық реаегент көмегімен жүзеге асырылады.
Аниондарға сапалық реакция
Топтық реагент күміс катионы.
Аниондар: CI- , Br-, I- , PO43- күміс нитраты ерітіндісімен AgNO3 әрекеттесуі кезінде анықталады.
NaCl + AgNO3 = NaNO3 + AgCl (қ) (ақ ірімшік тәрізді). Күміс хлориді аммиактың сулы ерітіндісінде ериді.
NaBr + AgNO3 = NaNO3 + AgBr (қ) (сары)
NaI + AgNO3 = NaNO3 + AgI (қ) (сарғыштау)
Na3PO4 + 3AgNO3 = NaNO3 + Ag3PO4 (қ) (сары тұнба).
AgCl (қ) (ақ ірімшік тәрізді).
AgBr (қ) (сары)
AgI (қ) (сарғыштау)
Ag3PO4 (қ) (сары тұнба).
Сульфат аниондарына SO42- сапалық реакция.
Барий катионы сульфат аниондарына реактив болып табылады.
Na2SO4 + BaCI2 =BaSO4↓ + 2NaCI
Ba 2+ + SO42- = BaSO4 (ақ түсті тұнба)
Сутек катионы Н+ -топтық реагент.
Бұл катионның көмегімен кейбір әлсіз қышқылдардың аниондарын мысалы, СО32- анықтауға болады. Көміртек диоксиді (көмірқышқыл газы) әк суының лайлануынан анықтауға болады:
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCI+H2O + CO2 ↑(г)
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 (қ) + H2O
Нитрат иондарына NO3⁻ сапалық реакция
NO3⁻ иондарын анықтау үшін концентрлі күкірт қышқылы қатысында мыспен реакциясы жүргізіледі. Қоңыр түсті газдың бөлінуі – реакцияның белгісі.
2NaNO3+Cu+2H2SO4=Na2SO4+CuSO4+2NO2↑+2H2O