артикуляциялық жаттығулар қазақ тілге аударылынған
Мақсаты: Ерінді күлімсіреу қалпында ұстауды және алдыңғы астыңғы және үстыңгі тістерді үйрену. Еріннің бұлшықеттерін нығайту және олардың ширақтылығын дамыту.
Сипаты: Еш бір қиналусыз, тістердің барлығы (алдыңғы үстіңгі және астыңғы) көрінетіндей қылып, күлімсіреу. Ерінді мұндай қалыпта 1ден 10-15 санауға дейін ұстау.
Назар аударыңыз! 1. Күлімсіреу кезінде бала астыңғы және үстіңгі ерінді ішке қарай орамауын қадағалаңыз. 2. Егер де бала астыңғы тістерін көрсетпесе, оны қабысулы ерін кезінде тек қана астыңғы ерінді көтеру мен түсіруге үйрету керек. Жаттығуны былайша орындаймыз: саусақты астыңғы ерінге қоямыз, сосын оны түсіреміз, көтереміз. Бұл жағдайда тістер қабысулы, таңдай қозғалыссыз. 3. Егер де балада қиындық туындаса, онымен бірге «и», «и-и-и-и-и» дыбысын дауыстау керек – ерін күлімсіреуде созыңқы.