Әр адам, әр оқушы өз тілін құрметтеп, мемлекеттік тіл мақтанышым деп ойлай білсе, өз тілінде сөйлеп, соны басқалардан талап ете білер еді. Өз басым қазақ тілі менің ана тілім ғой, осы тілде білім алайын, осы тілде сөйлейін, ал орыс тілін үйренейін дегенді бала күнімнен мақсат еттім. Өйткені орыс тілі қазақстандықтар үшін барлық этнос өкілдерімен еркін сөйлесетін, қарым-қатынасты нығайтатын ресми тіл болып табылады. Қазақ сыныбында оқысам да орыс тілінен кем де қалған жоқпын, таза сөйлей аламын. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақтар үшін осы тілдермен қоса ағылшын тілін меңгеру деген мақсат жоғары. Әрине бүгінгі күн талабы солай, келешек ұрпақтар шетелдік озық үлгідегі оқу орындарында оқығылары келеді. Әрі мемлекетіміз әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына енуге ұмтылады. Қазақстанның ғылым мен индустрияны дамыту орайында басқа елдерден қалып қоймауы өте маңызды. Ал жастардың ағылшын тілін білуі жаңа технология, машина жасау, биомедицина, кибернетика және адамзат ақыл ойының басқа да маңызды салаларындағы жаңа мағлұмат деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Олай болса соңғы инновациялар мен әзірлемелерден қалып қоймас үшін ағылшын тілін еркін білуі тиіс. Сондықтан ол тілді де білу қажает. Алайда мелекеттік тіл бәрінен жоғары тұруы тиіс. Сол үшін де біздің шәкірттеріміз қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-дамыған мемлекеттермен тереземізді теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін деп түсіну қажет. Қарапайым тілмен айтсам қазақ тілін дамыту, көркем сөйлеу, жетік білу керек. Орыс тілін қолдану, ағылшын тілін үйрену маңызды. Бірақ өзге тілді үйренемін деп жүріп, өз тілімізді ұмыту дұрыс емес. Өз тілімізді құрметтеу әрбір балаға, барша қазақстандыққа қойылатын талап деп білемін. Себебі қазақ тілі мемлекеттік тіл. Қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тілі мен діні, тәрбиесінің түп тамыры деп ойлаймын. Ұрпақ тәрбиесі, Отанды қорғаудан бір де кем емес. Қыз қылықты, ұл ұлтжанды болып өссін десек ең әуелі тілімізді, әдебиет, тарихымызды, салт-сана, ата дәстүрімізді үйретейік. Бұл ата-аналармен, ұстаздар қауымының міндеті деп білемін.
Мемлекеттік тіл - мақтанышым
Полная версия материала