Қазіргі заман талаптары бәріне де белгігі. Тутынушылардың саны көбейіп бара жатқан әлемде өзінің мәртебесін көтере алатын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп, мектеп қабырғасынан шығару арасан еңбек. Өз бетінше ақпарат тауып, жинақтап, өзінің керектігіне жарата алатын Қазақстанның азаматын тәрбиелеу қазіргі білім беру саласындағы өзгерістердің көмегіменен қолжетімді болды. Эксперимент нәтижесінде енген жаңаша білім беру бағдарламасы мұғалім алдында керемет мүмкіншіліктер ашады.
Дүниенің бірегейлігін сезіну, алған білімін өмірде қолдана алу, күрделі жағдайлардапроблемаларды тиімді шешу – осындай мақсаттарды көздей отырып, білім беру ағынын жаңа арнаға бұру қажет. Әрине, қазір білім беру әлемінде жаңа технологиялар көп. Оларды қолдану нәтижелі болу үшінпедагогтар әдіс- тәсілдерді өз пәніне бейімдеп, біраз өзгерістер енгізіп қолданады.