Сабақтың басы: Жұмбақ айтылады.
Ұзақ тектес құс,
Шiркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.
(Қараторғай)
«Жарнама жасау» әдісі арқылы қараторғай құсына сипаттама береді .Біздің құстарға қандай көмегіміз бар? (оқушы үнін тыңдау)
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушылар тыйым сөздерді құрастырады, мағынасын түсіндіреді.
Үлгі: Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды.
Құстардың жұмыртқасын жарма. Құсқа тас атуға болмайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды