«Сөз сиқыры» таңдау курсы. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үрдісі қарастырылады. Балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілерді жою, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау барысында, бір сыныпта әр түрлі деңгейдегі оқушыларға білім беруді тиімді ету қарастырылды. Сол себепті, бағдарлама жалпы білім беретін мектептегі сынып оқушыларының арасында баяу қабылдайтын, зейінінің тұрақсыздығы, еске сақтаудың барлық түрлерінің, сөздік-логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу тілінің жеткіліксіздігі байқалатын балаларға, қызығушылығы төмен деңгейдегі оқушылардың қызығушылығын артыруға, өз ана тіліне деген құштарлық, саналылық ,білімділік деңгейіне арналыпқұрылған.
Сөз сиқыры
Полная версия материала