Фирма қазіргі нарық конъюнктурасының тез өзгеруіне байланысты әрқашанда тауар саясатын белгілеуге тиіс. Тауар саясатына тауар ассортименті, жаңа тауар зайым – дайындау, баға белгілеу, тауар көлемін анықтау,оны буып-орау сияқты процестер кіреді.
Жаңа тауар шығару процесі бірнеше кезеңді қамтиды: пікірдің қалыптасуы, пікірді таңдап-іріктеу, маркетинг стратегиясын дайындау, нарық жағдайында тексеру және коммерциялық өндірісті өрістету.