Елбасымыз "Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру" керектігін атап өткені есімізде.
2011 жылдың 6 шілдесінде "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. Сол жылдың 26 тамыз күні "Жас Ұлан" ұйымының І құрылтайы өтті. Онда жаңа ұйымның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері сараланып, жұмыс жоспары қабылданды, сонымен бірге ресми нышандары бекітілді. Алғашқы күннен ұйымның мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру, сапалы білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, еліміздің тарихына, бүгінгісі мен болашағына жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу болып белгіленген болатын.