Ең алдымен, мұндай балалар әрдайым үлкендер тарапынан жетістік жағдайына қолдау қажет ететіндігін ескеруіміз қажет. Жетістік жағдайы - ол баланың амал-дағдыларды игеріп жаңа жағдайға көше алуына мүмкіндік беретін заттық-тәжірибелік қызметпен қатар, тұлғааралық қарым-қатынаста да болуы тиіс.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың коммуникативтік қажеттіліктерінің дамымауы мен ерекшелігі жеке және ұжымдық жұмыстың бірге жүргізілуін талап етеді. Мұндай балалардың эмоционалды-адамгершілік саласының жетілмеуіне байланысты танымдық және эмоционалды дамуы қатар жүруі тиіс. Осындай ерекше қажеттіліктердің ескерілуі балалардың ауыртпалықсыз әлеуметтенуіне көмегін тигізеді. Мұндай топтағы балалардың ерік-сезім саласының жетілмеуі олардың жүріс-тұрысының өзгеше қалыптасуына себеп болады. Ең алдымен коммуникация саласы төмен болады.