2 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау
Мәтінді мұқият тыңдап,тапсырмаларды орындаңыз.
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын
жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен
қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп
отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады,
ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын
көтере түсіп: