ҚР Президенті өзінің халыққа Жолдауында былай деді: «Үкімет өңдеу секторында экспорттаушыларды қолдауға назар аударуы қажет. Біздің сауда саясатымыз енжар болмауға тиіс. Тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықтарда тиімді ілгерілету мақсатында оған жігерлі сипат беру қажет. Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу керек. Бұл экспорттық әлеуетті іске асыру үшін ғана емес, ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру үшін де маңызды.»
Осыған байланысты ҚР барлық өңірлерінде жылыжайларды белсенді салу мүмкіндігін қарастыру қажет. Жылыжай – бұл витаминдік өнімдерді өсіру және тұтыну маусымын ұзартуға мүмкіндік беретін жасанды микроклиматты құруға арналған құрылым. Жұмыстың мақсаты жылытылмаған жылыжайлардың белгілі конструкцияларына СВОТ-талдау жасау болды.
Жылытылмаған жылыжай – бұл оның ішіндегі және сыртындағы температура айырмашылығын алуға және қолдауға мүмкіндік беретін құрылым. Температура айырмашылығы күн сәулесінің әсерінен мөлдір қоршау арқылы өтіп, ішіндегі топырақты қыздырады. Ауа, сәулелерге мөлдір зат ретінде, топырақтан және басқа элементтерден екінші рет қызады. Ауа неғұрлым қозғалмалы орта ретінде жылуды жылытылатын беттерден жоғары қарай жылжытып, салқындағаннан төмен қарай жылжытады. Кез-келген аймақ бірдей мөлшерде жылу алады, бірақ ауаның белсенді қозғалысы оны жылыжайдан тыс жылытуға кедергі келтіреді.
Жылытылмаған жылыжайлар арасында әйнек, пленка (жарыққа сезімтал қабатпен жабылған целлулоидты мөлдір пластина), поликарбонат (дәстүрлі әйнекке жақын жарық өткізгіштігі бар берік, бірақ сынғыш емес полимерлі пластик, соққыға төзімді жылу оқшаулағыш материал) жылыжайлар жиі кездеседі.
Жылыжайлардың осы құрылымдары үшін СВОТ–талдау жасалды, ол 1-кестеде келтірілген.