Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.3.1.3 Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.2 температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу;
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Температураны өлшеу жолдарын, олардың түрлі шкалаларын және оларды шкалада қолдана отырып, ауыстыру жолдарын үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Энергиялар туралы мәліметтерді жеткізе отырып, ішкі энергия туралы мысалдар келтіру, энергия туралы білімдерін нығайтады.
Кейбір оқушылар:
Дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде енгізу, өлшем бірлігін және өлшеу әдістерін біледі.
Бағалау критерийі
Өз бетімен еңбектене отырып, жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Жаңа тақырыпты өз бетімен талдай отырып, ойын қорыта алады.. Салыстырмалы түрде температуралар шкаласымен жұмыс жасай алады.
Салыстырмалы түрде температуралар шкаласымен жұмыс жасай алады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, физикалық терминдік тілде сөйлейді.
Жаңа тақырыптың мазмұнын қосымша көмек арқылы ұғады, салыстырмалы түрде температура шкалаларын ажырата алмайды, тап-сырмаларды орындауда ережелерді дұрыс қолдана білмейді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындауда топ мүшелерімен көп араласа бермейді. Қосымша берілген тапсырмаларды көмек көрсету арқылы орындайды.