«Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен кысылтаян тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.» Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, расында да қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай беделді тілдердің бірі. Қазақ тілі - қазақ халқының бай мұрасы, ол – халық ауыз әдебиеті үлгілері, көптеген мықты жырауларымыз артынан қалдырған, әйгілі билеріміздің айтқан дана сөздері, ел аузынан алынған ертегілері. Ана тіліміз адамның бойына ана сүтімен, ананың әлдиімен, ананың әуенімен құлаққа сіңген, ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отырған ұлы тіл. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл - күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі қор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек..» деп Х. Досмұхамедұлы да айтқандай, мемлекеттік тілімізді білуге, сөйлеуге, құрметтеуге үйрету және де әрі қарай дамыту біздің ең басты міндетіміз болып саналады. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз.. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігіне өте қуаныштымын және оны мақтан етемін. Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елдерді бірі, сондықтан қазақ тілімізді жоғары мәртебеде ұстауымыз керек.
Мемлекеттік тіл-ел тірегі
Полная версия материала