Ғылыми зерттеу барысында қазіргі жағдайда қалыптасқан қаржы нарығындағы валюта тұрақтылығына байланысты Бірінші деңгейлі Ұлттық Банктің теңге бағамын құнсызданудан сақтау саясаты зерттеледі. Соңғы жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, ғаламдық пандемия мен мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктердің теңгеге қалай әсер еткендігі көрсетіліп, баға беріледі. Нәтижесінде, бұл аталған өзгерістердің қаншалықты Қазақстанға әсер еткендігі көрсетіледі және оларды шешу үшін жағдайлар қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі әлемдік валютаның өзгеруі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайына әсері мен олардың төлем қабілеттілігімен байланысы арасында айқындалады. Халықтың орташа жалақысын ескере отырып қарастырылатын бағалар доллардың өсуіне байланысты қоғам жағдайына соққы болады. Ал бұл әсер несие нарығына ықпал етумен жалғасын табады.