Мен төртінші сынып оқушысымын. Біздің сынып жетекшіміздің аты-жөні Ташенова Сабина Ташеновна. Ол кісі өте ақылды, мейірімді, білімді білікті және де жан-жақты мұғалім. Бізге білмегенімізді үйретіп, білгенімізді ары қарай дамытады. Менің сүйікті ұстазым сынып жетекшім ол кісінің орны мен үшін ерекше. Мен ұстазымды құрметтеймін. Адамдармен тез тіл табыса алады. Ұстазымның қолынан бәрі келеді.
Мен ұстазымды жақсы көремін. Менің ұстазымды бәрі құрметтейді, сыйлайды. Біздің ұстазымыз бізді аялайды, жақсы көреді. Бізде ұстазымызды сыйлаймыз. Бізді тәрбиелейді, тілімізді дамытады. Қиын есептер болған кезде көмектеседі. Менің ұстазым еңбеккор, мейірімді жан. Маған ұстазымның қарапайымдылығы мен ашық мінезі ұнайды. Өмірдегі ең жақсы ұстаз тек бізде ғана бар.