Мақсаты: Оқушылардың тілдік және оқу сауаттылығын дамыта отырып, поэзия туралы түсінік қалыптастыру арқылы, кітапқа, поэзия оқуға деген қызығушылығын арттыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мемлекеттік тілде ән айтуға баулу.
Міндеттері:
- Оқырманның мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту;
- Оқушылардың әдеби жанрлар туралы түсінігін қалыптастыру;
- Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту Сөйлеуі мен қиялын дамыту;
- Оқудың игілікті жақтарын түсіндіру және жағымды әсер қалыптастыру;
- рухани-адамгершілік қабілеттерін дамыту, әдеби шығармалар көмегімен мәдени коммуникативтік дағдыларын арттыру.
Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.