Аннотация: Электр энергиясы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе десекте болады. Оны тапшылығының алдын алмаса алдағы жылдары экономиканың құлдырауына алып келеді. Электр энергиясы адамға ең қажетті ресурс болып келеді. Оның алдын алу жолдары түрлі табиғи жолдармен электр энергиясын өндіру керек. Ал оған жел электр станциялары,күн электр станциясы, су электр станцияларын және т.б. салу қажет.
Кілт сөздер: Электр энергиясы, жел электр станциялары,күн электр станциясы, су электр станциялары,жаңартылатын энергия.
Энергетика саласы – ел экономикасының ең дамыған салаларының бірі. Қазақстан Республикасы қазбалы отын қорына бай, оның үлесі дүние жүзіндегі қорлардың шамамен 4%-ын құрайды. энергетикалық ресурстарды тұтынуда көмір шамамен 67%, мұнай шамамен 21%, газ шамамен 12% құрайды. Қазақстанда отынның негізгі тұтынушысы – электр және жылу энергиясы.
Бұл сектордың жыл сайынғы отын тұтынуы шамамен 25 млн. тонна мұнай эквиваленті. Электр станцияларының отын балансының құрылымында көмірдің үлесі шамамен 75%,газ-23%,мазут -2% құрайды. Қазақстан электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 14,6%-су ресурстарынан, 10,6%-газдан, 4,9%-мұнайдан қалған 1 % басқа ресурстардан.
Қазіргі уақытта Қазақстанның электр станциялары қуаттылығы жағынан өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қабілетті әлеуетке ие, бірақ қалыптасқан желілік схемаға және нарықтық жағдайға байланысты Оңтүстік және Батыс аймақтар электр энергиясын импорттайды.
Электр энергиясының транзиттік мемлекетаралық ағындарын алу, айырбастау және беру көрсеткіштерінің қосындысы бойынша Солтүстік, Оңтүстік және Батыс өңірлерінің қолданыстағы мемлекетаралық электр желілерінің әлеуеті жылына шамамен 30 млрд кВт/сағ деп бағаланады. 1990 жылы КСРО БЭЖ құрамындағы Солтүстік және Батыс аймақтарының, ал Орталық Азияның БЭС құрамындағы Оңтүстік өңірдің қатар жұмыс істеуімен бұл ағындар шамамен 28 млрд кВт/сағ номиналды мәнге жетті. 0