Қазіргі кезде балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша мектепке дейінгі және кіші жастағы балалардың тілін дамыту тек қарапайым ситуациялық түрде ғана көрінеді. Бала мақсатсыз түрде ойындағы жалғыз бір көріністі бір ғана сөзбен сипаттайды. Басқа да ой елегінен өткізіп, толық, мәнді айту оның ойына келмейді, тек сұрақты жаудыртсаң ғана сол сұрақтарға нақты жауап беруге тырысады не бірден ойын толық жеткізуге тартынады. Сол себептен балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Балаға өз ана тілін меңгерту мектепке дейінгі берілер білімнің маңыздысы болып табылады. Ол қазіргі мектепке дейінгі білім беру ісінде бала тәрбиесінің негізгі іргетасы ретінде бағаланады. Мектепке дейінгі баланың тілді меңгеру үдерісі үлкендер және балалармен қарым – қатынас жасауымен және қоршаған ортаны тануда, өзінің ойы мен сезімдерін толыққанды айта білу мүмкіндігімен тығыз байланысты. Тілдің жақсы дамуы – мектепалды дайындықтың негізгі көрсеткіші болып табылады. Баланы мектепке жақсы дайындау, сауатын ашудың негізін қалау тілді ауызша дамыту үдерісінің сапасына байланысты.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуда мнемотехнологияның тиімділігі
Полная версия материала