Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Қатысушылар: жас мамандар
Өткізу уақыты: қыркүйек айы
Құрметті жас мамандар, әріптестер, бүгін сіздермен ұйымдастырылып отырған психологиялық тренингке ұйымшылдықпен қатысуларыңызды сұраймыз.
Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.