Тақырыбы: Күн, ауа және су
Мақсаттары: Күн,ау,су-табиғат сыйы және олардың маңызы туралы түсінеді.Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны қоя алады. Сұраққа толық жауап береді.Зейін қойып тыңдауды біледі.Табиғатты қорғап ,қадірлей білу керек екенін түсінеді.
Күн, ауа, су, — табиғат сыйы және олардың маңызы туралы білімдерін кеңейту. Ауа туралы ұғымды түсіндіру, су – тіршілік көзі екендігін, оның пайдасы туралы білімдерін кеңейту. Күннің жылу және жарық беретіндігін түсіндіру. Қоршаған ортаны қорғауға және тазалығын сақтау қажеттіліге тәрбиелеу.