Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше назар аударылады. Білім алушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыру-негізгі міндет. Алдымыздағы оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баули отырып, ана тіліне қаныққан, өзіндік пікір мен өзіндік позициясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеміз. Негізгі және жалпы орта мектеп бітірушілері де қорытынды аттестаттауда ана тілінен емтихан тапсырып,эссе жазады,пән бойынша білімдері сол арқылы бағаланады. Сондықтан,білім алушыларды шығармашылыққа баулып,жазуға төселдіру оқу мақсаттарының негізі.
Эссе дегеніміз не? Эссе жанры өте ерте қалыптасқанымен бізге кеш келіп жетті. Эссе-адамның жеке көзқарасын білдіретін шығармашылық жұмыс,прозалық мәтін.
Эссе – бұл адамның субъективті пікірі, көзқарасы мен ойы еркін түрде жазылатын әдеби жанрдың бір түрі. Эссенің басқа жанрлардан басты айырмашылығы ой еркіндігі және көлемі жағынан қысқа болып келуі.