Шакабаева Жанар Сапаркановна 1973 жылы 21 қыркүйекте Семей облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келді. 1990 жылы Мақаншы қазақ орта мектебін бітірді.
1991 жылы Қайынды орта мектебінде лаборант болып жұмыс істеді.
1995 жылы Қызылбұлақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып тағайындалды.
2013 жылдан бсатап, осы күнге дейін «Лингвистикалық және компьютерлік технологиялық Семей мектеп – гимназиясында» жұмыс істеп келеді. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында жұмыс істеп келеді. Қаншама шәкірт тәрбиелеп ұядан ұшырды. Шәкірттерінің бойында адамгершілік, мейірімділік, әдептілік қасиеттерді көруге болады.
Осы салада жалықпай 30 жыл еңбек етті. Шәкірттері түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2024 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Жанар Сапаркановна ізделімпаз, жанашыл, жаңа технологияларды меңгерген ұстаз.