Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» Жолдауымен танысып шығып, жаңа заманның лебін байқадық.
Расында, бұл Жолдау – заман талабының сұрақтарына жауап бере алатын Жолдау
екен. Дүние түрленіп, ғарыштық жылдамдықпен өзгеріп барады. Осынау үлкен
өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталдың алар орны айрықша.
Елбасының биылғы Жолдауындағы басымдық берілген міндеттердің бірі де осы адами
капитал болып отыр.Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың
еңбегінің жемісі болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын көтеретін білім, біліктіліқ ілім,
тәжірибе нысаныңда адамдарға салынатын капитал. Адами капиталдың жаңа сапасы
бүгінгі күнгі өзекті мәселе екені даусыз. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін,
сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы
бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп көрсетілген
Жолдауда.
Елбасы Жолдауында қандай адам мемлекеттің құнды капиталы бола алатынын
нақты көрсетіп берді. Мемлекет болашағының кілті – жан-жақты дамыған, білімді, қазіргі
жаңа технологияларды меңгерген, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы
азаматтарда. Осындай азаматтарды еліміздің сапалы адами капиталға айналдыру,
болашағына жол сілтейтін – ол «БІЗ» ұстаздар қауымы. Елбасы өз Жолдауында мұғалім
мәртебесіне ерекше тоқталып өтеді. Қазақта «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген
сөз бар. Ендеше, баланы тәрбиелейтін мұғалімнің білікті болуы – міндет.
Мен «Павлодар сервис және тамақтандыру коллежде» жұмыс істеймін. Қазақ
тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушымын.Екі жоғары білімім бар. 27 жылдан аса
мұғалімдіктемін.Біздің колледж үздік колледждердің бірі.Осы оқу мекемесінде талабына
сай,жан-жақты білімді маманды оқытуға барлық жағдай жасалынды.Өз таңдаған
жолымды өте жақсы көремін, себебі, балаларды: адам ,тұлға ,Отанымыздың зор
болашағы, - деп тәрбиелеймін.Әр бала, ол өсіп тұрған, әдемі гүлге тең. Сол гүлдерімізді
құлпырыту үшін, баларды,өз мамандығын, өмірді сүйетін адам болу керек.Ол сөзсіз –
ұстаз.
Адами капитал-жаңғыру негізі
Полная версия материала