Ауасы таза, роботтар жер бетіндегі барлық жұмысты атқаратын және жасанды интеллект адам өмірін едәуір жеңілдететін жарқын болашақты елестетіп көріңізші. Бұл утопия сияқты естіледі. Алайда, сол технологиялар бізді үнемі бақылап, қандай ақпаратты тұтынатынымызды өздері белгілеп отырса ше?
Міне, осы тұста утопия мен дистопия арасындағы қайшылық туындайды. Дәл сол технология адамзатты мінсіз қоғамға жақындата отырып, бір мезгілде дистопияға жол ашуы да мүмкін.
Дистопия – жай ғана адамгершіліктен жұрдай тозаққа айналған әлем емес; бұл – тәртіп немесе ыңғайлылық үшін жеке бас бостандығы мен жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығы шектелген, сондай-ақ пікір білдіру бостандығының құны тым жоғары болатын қоғам.Мысалы, қылмысты азайту үшін барлық адамды жан-жақтан бақылау, қауіпсіздік үшін жасалатын нысан болмақ.Бірақ бұл бақылау қай жерде қамқорлықтан шектеуге айналады?
Болашақ алдын ала жазылып қойған жоспар емес. Утопия да, дистопия да біздің бүгінгі таңдауымыздан басталады. Демек, болашақтың ең маңызды сұрағы “Не жасай аламыз?” емес, “Жасай алатынымыздың бәрін жасау керек пе?”.



