Оқу мақсаты
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу
Сабақ мақсаты
- берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқу.
- әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар.
- Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап, сұрақ құрастырасыңдар.
Бағалау критерийлері
- Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді.
- Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.
- Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді.
- Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады