Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына математика пәніне қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпы еңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды.
Математика пәнінен олимпиада резервтерін дайындау курсын оқу барысында оқушылар өздерінің білімдерінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасай отырып, олимпиаданың мәні мен мазмұнын оқып – үйренеді. Аталған курсты оқу арқылы жас ұрпақтың бойында олимпиадаға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы.
Курсты оқу барысында экономикалық білімге көп көңіл бөлінеді. Президенттің егеменді және білімді мемлекетті қалыптастырудағы рөлін оқып – үйренуге ерекше маңыз берілген.