Аннотация. КеАҚ "Семей Медицина Университететінің" базасында орналасқан Университет госпитальінің және "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" хирургиялық бөлімшелерінің холецистоэктомия операциясын жиі жасайтын орташа еңбек өтілі 19 жылды құрайтын 21 хирургтан алынған сауалнама қорытындысы бойынша "Жалпы өт жолы және панкреатикалық жолдың қосылып он екі елі ішектің шырышты қабатында бірігуі" 95% және "Жалпы өт жолы және панкреатикалық жолдың қосылып он екі елі ішектің шырышты қабатында бірігуі" 5%, ал "Жалпы өт өзегі және панкреатикалық өзектің он екі елі ішекке бөлек түсуі, олардың арасында жұқа пердешенің болуы" мен "Жалпы өт өзегі және панкреатикалық өзектің он екі елі ішекке бөлек түсуі, әрбір өзек өзінің меншік сфинктері бар" нұсқа көрсеткіші 0%-ды құрады. Жалпы зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, біздің зерттеуіміз бен әдеби шолудың біріккен қорытындысын шығаратын болсақ "Жалпы өт жолы және панкреатикалық жолдың қосылып он екі елі ішектің шырышты қабатында бірігуі" 93,2%-ды құрады, бұл орналасу нұсқасы жиі кездеседі және калькулезды холециститтің пайда болуына әсер етеді. Өт өзегі жолдарының панкреатикалық жолмен қосылу нәтижесінде үлкен ампулаға екі жақты ауырлық туындатады, осы себептен "Жалпы өт жолы және панкреатикалық жолдың қосылып он екі елі ішектің шырышты қабатында бірігуі" холециститтің алғышарты болып табылады. Осындай топографиялық ерекшеліктері бар науқастар диета сақтамаған жағдайда калькулезды холециститпен ауыру мүмкіндігі жоғары.
Кілт сөздер: «жалпы өт түтігі», «жалпы өт жолы», «калькулезді холесцистит», «лапароскопиялық холецистэктомия», «бауырдан тыс өт жолдары», «холецистоэктомия».