Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Ашық сабақ. Тәуелсіздік символы-Ұлттық теңге

Ашық сабақ. Тәуелсіздік символы-Ұлттық теңге

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Guka 197202 008

Сабақтың тақырыбы:  «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге»  

Сабақтың мақсаты:
 1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
 2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
 3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 Сабақтың түрі:  
 Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
 Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.
 Сабақтың барысы:

 «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)

І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар,    сіздерді бүгінгі «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге»  атты сынып сағатына қош келдіңіздер деймін.  .Қазақстан Республикасының «Ән ұраны»  орындалады . 

Балғабаева Диляра : - Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі  сабақта сол  басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз. 
Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер. 

Мұғалім сөзі:  Балалар,   зейін қойып тындай отырыңыздар,  сабақ барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да сұрақтар  қойылатынын айта кетейік. 
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. 
Балғабаева Диляра: Ақша-асыл қазына, халық байлығы. 
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды. 
Ал, XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Түркі тілдес халықтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 
Кеңес Үкіметі заманында  барлық СССР құрамындағы мемлекеттердің бәрінде де айналымда рубль болды. 
Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы болу керектігі аталды. Сөйтіп, алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалып   1993 жылдың 12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды. 
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов. 
Ең алғашқы бекітілген тенге купюраларының бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Бүгінгі күні Алматы қаласында ақша шығаратын фабрика жұмыс істейді және Өскемен қаласында металлургия заводында монеталар шығарылады.

Мұғалім сөзі: Мінекей, құрметті оқушылар, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса,  сабағымыздың келесі бөлімін  бастауға рұқсат етіңіздер.   

б) топқа бөлу (сандықтан теңге алу арқылы , артқы жағындағы сұрақтарға жауап беру)

       1.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

       2.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

       3.Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

  1. Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
  1. 1 теңгеде неше тиын бар? (100тиын) 
  2.  Айрықша белгісі, Әлемнің тынысы, Байлықтың белгісі (ақша). 
  3. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ң нешінші президенті? (1-ші)
  4. Қырғыз  елінің валютасы қандай?  (сум)
  5. 360 теңгеге киллограмы 80 теңгеден  неше кг картоп келеді? (4,5кг)
  6. Американдық доллардың  ең үлкен банкноты. (100$.)
  1. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?   (500сом)
  2. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды? (Англияда)
  3. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?(Германияда)
  4. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім (1993 ж 15 қараша)
  5.   Ұлы тұлғалары бар, Керек құнды кағаздар (теңге). 
  6.  Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі?( ұлттық валюта).
  7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім? (15 қарашадан-20 қарашаға дейін)
  8. Қазақстанның ұлттық валютасы  қай жылы пайдалануға енгізілді ?  (1993ж)
  9.  «Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:(теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал).
  10. Ресей елінің валютасы? (рубль)
    Мұғалім сөзі: Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше.  

 

1 тапсырма:  Берілген қағазға ұлттық валюта - теңгенің ерекшелігі болады деген 5 суретті сал. .(қазіргі қолданыстағы  теңгелер)

  Балғабаева Диляра : (слайд)

Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында  айырмашылықтар  бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.
 Алдыңғы  шыққан  Ұлттық  теңгеміздің шеттері       қазақтың ою – өрнектермен безендірілген.  Бірінші бетінде  қазақ   халқының  әйгілі ұлы тұлғаларының  бейнелері  басылды. Екінші бетінде  ою  - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз  салынған. Одан  кейін жаңа айналысқа  шыққан  ақша мынадай  болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы  теңгелер көрсетіледі.
 Теңгенің орталық  бөлігінде « Астана – Байтерек»  монументі  бейнеленген . Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік  әнұраны ноталарының  фрагменті  ақ түспен  безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  елтаңбсы  жасыл түспен   бейнеленген.Жоғары оң  жақ   бөлігінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.Банкноттың  төменгі  жағында  ашық  алақан  бейнеленген.  Бұл бейбітшіліктің   белгісін білдіреді. Негізгі   бейнесі: Қазақстан  , алдыңғы  жағында ҚР Көлік  және коммуникация  министрлігінің үйі  және  Астанда  Есіл  өзені арқылы көпірде орнатылған  қанатты барыстың  суреті салынған.
  2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
 1. Ресей ___________( рубль)
 2. Қытай ___________( юань) 
 3. Қырғызстан ___________( сом)
 4. Өзбекстан ___________( сум)
 5. Үндістан ____________ (рупия) 
 6. Германия _____________( евро)
 7.  Түркия  _____________(лира)
 8.  Украина _____________ (гривна)
 9.  Америка  ______________ (доллар.)
 10.  Латвия ______________(лат)

Диляра: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады

Ұлттық Банктің мұражайы 

Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.

Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.


3 тапсырма:
 Берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап!
 1 теңге -     (Әл-Фараби)
 10 теңге -   (Ш.Уәлиханов)
 100 теңге -  (Абылай хан)
 3 теңге -  (Сүйінбай)
 50 теңге -  (Әбілқайыр)
 20 теңге -  (Абай Құнанбаев)
 5 теңге –   (Құрманғазы)

 Балғабаева Диляра:  (презентация « Ұлы тұлғалар) 

Әбу - Насыр – әл – Фараби
 Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған. Әл - Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Бала күнінен атқа шапқыштығымен, мергендігімен көзге түседі. Түркі, парсы, араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді. Грек, латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл - Фараби 150 жуық еңбек жазған.

Шоқан Уәлиханов
 Ол өте ақылды, көреген, өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды. Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді. Шығыс әдебиетімен танысады. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін меңгерген. 1853 жылы Кадет корпусын бітіреді. Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы, географ, суретші, әдебиетші, тарихшы.

Абылай хан
 Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі « қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында туған. Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі өліп, өзі далаға қашып, аман қалады. Шашы өскен, қара тымақ киген жұпыны киімі бар балаға Төле би « Сабалақ» деп ат қойыпты. Өсе келе ұрыстарға қатысады. Ол « Абылайлап» ұран салады. Жеңістерден кейін ол Абылай атанады.
Сүйінбай
 Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағында кедейшілік, жоқшылық көреді. Соған қарамастан 14 - 15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды. Сүйінбай келе - келе нағыз суырып салма, айтыстың ақиық ақынына айналады.
 Сүйінбай халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез - құлқы, адамгершілігіне, жақсы - жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.
Әбілқайыр
 Кіші жүздің ханы. Қазақ жастарының қолбасшысы. Күшімен, айласымен, батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шықты.

Абай Құнанбаев
 Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы. Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды. 10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы, шағатай тілдерін меңгереді. Науаи, Низами, Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі.
 Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды. Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа, мағынасы терең
Құрманғазы
 Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері, домбырашысы. Күй өнерінің классигі. Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді. Зейінді туған бала әке - шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын иығынан тастамайды.
 Құрманғазы қуғын - сүргінді көп көрді. 1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
 4 тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
 ( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
 1. _____ тиыннан өсер.
 Жылқы құлыннан өсер.(теңге)
 2. Есепсіз ______ жоқ. (дүние)
 3. Алтын тапсаң _______ ал. (санап)
 4. Ақша кетуге тырысады,
 _________ ұстауға тырысады. (көз)
 5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.   (дария)
 6.______ оңай, жинау қиын. (шашу)
 7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.(құлып)
 8. _______ да сұрауы бар. (судың)
 9. Ақшада ____ жоқ. (есеп)
 10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.(ақшасы)


5 тапсырма: Шешендік өнер: "Мен ақшасыз өмір сүре аламын ба?"

 


 Диляра:
 Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
 Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.

Қорытынды: Қазіргі  кезеңде Мемлекетіміз   көтеріліп келеді,  болашақта  білімді,  саналы  азамат   болып  өсуімізге  борлық  жағдай  жасалуда.  Осы   мүмкіндікті   дұрыс  пайдаланып  еліміздің  ертеңі  жарқын  болуына   сіздер  де ертең  еңбек   етесіңдер, соған  лайықты  ұлан  болып   өсіңіздер! Сіздерге  қатысқандарыңыз үшін рахмет.

 

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты