Қазіргі уақытта цифрлық әлемде ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие. Аутентификация және авторизация деректер базасын және жүйені қорғауда негізгі орындарды алады. Аутентификация пайдаланушының жеке басын растайды, ал авторизация оның жүйеге кіру және әрекет етуіне жауап береді. Бұл мақалада әртүрлі аутентификация және авторизация әдістері, олардың артықшылықтары, кемшіліктері қарастырылады.
Аутентификация – пайдаланушының жеке басын тексеру процесі. Аутентификация әдістерін үш негізгі факторға бөлуге болады: білімге негізделген, иеленуге негізделген және биометриялық.
Авторизация – пайдаланушыға берілген құқықтар мен артықшылықтар негізінде жүйе ресурстарына рұқсат беру немесе шектеу процесі. Қазірде бірнеше авторизациялау үлгілері бар және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттамалары мен қолдану аясы бар.