Оқушының білім сапасын арттыру үшін оқушының бөлім бойынша және тоқсан бойынша бағалаудың нәтижесі жоғары болуы қажет. Сондықтан күнделікті өткен сабақ бойынша қалыптастырушы тапсырмаларды орындап, оқушылардың алған білімін бекітіп отыруын талап етеді және тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізледі. Қалыптастырушы бағалау оқушылар сабақта орындаған кезде кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған. Күнделікті қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын өзгертіп отырып, оқушылардың ойлану қабілетін белсендіруге болады, оқушы мен мұғалім арасында үздіксіз кері байланысты қамтамасыз етеді. Оқушының мүмкіндіктерін, қиындықтарды анықтауға, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесуге, оқуда дер кезінде реттеуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау аясында iздeнiмпaздық, шығapмaшылық қaбiлeттepiн oятaды. Құрастырылған тапсырмалар 7-сынып оқушыларына және мұғалімдерге әдістемелік құрал ретінде сабақтарда қолдануға болады.
Оқу бағдарламасы бойынша күнделікті тақырыбына, мақсатына, ойлау дағдылардың деңгейіне сәйкес және сабақтың стратегиясына байланысты тапсырмаларды қолдануға, толықтыруға және өзгертуге болады.