Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, заманауи қоғам талаптарына сай бағыт – бағдарын дамытуды мектепке дейінгі жүйеден бастауымыз керек.
Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологияларды білім беруде және қосымша білім беруде пайдалану басты мақсат болып табылады.Сондай технологиялардың ең тиімдісі - ойын технологиясы.
Ойын бала үшін нағыз өмір.
Олай болса тәрбиеші ретінде ойынды ақылмен ұйымдастыра білуі қажет деп түсінемін.
Балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.