Жаз – балалардың жазғы лагерьлерде, балалар үйірмелерінде демалатын уақыты. Дәл осы жерде бала бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен толтырады. Жазғы демалыстың тәрбиелік мәні балалардың педагогикалық, эмоционалдық бос уақытын ұйымдастыру, қарым-қатынас және ығармашылық белсенділік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
№2 Оқушылар үйінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларын қамтитын басым бағыттардың бірі болып табылады, ол оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың танымдық қызығушылығын дамытуға кең мүмкіндіктер береді.
Осы мақсатта біздің №2 Оқушылар үйінде маусым айында ашылған «Достық» балалар дамыту клубына 7 мен 14 жас аралығында 60-тан астам балдырған уақыттарын көңілді өткізуде. Соныменқатар №2 Оқушылар үйінде жазғы маусымда «Бисероплетение», «Колөнер», «Жас суретшілер», «ИЗО студия», «Хореографиялық үйірме», «Дәстүрлі домбыра», «Веселые нотки» және «Веселая капель», «Лего клуб», «Сәндік гүл өсіру», «Говорим по немецки», «Қызықты ағылшын», «Сиқырлы бояулар», «Серпін», «Ритмика», «Логика әлемі», «Киім дизайны», «Шахмат», «Домбырамен ән салу», «Ақтерлік шеберлік», «Халық әні» үйірмелері жұмыс істейді.