Сабақтың мақсаты: отбасы жайлы білімді кеңейту, туыстық қатынастарды білу және «Р» дыбысын сөйлемде машықтандыру
Міндеттері:
Білімділік: «Отбасы» тақырыбында сөздік қорды көбейту және отбасы мүшелерін атап, ажыратуға үйрету, «Отбасы» тақырыбына қатысты сөйлем құрастыра білу.
Түзетушілік: қашықтықтан естіп қабылдауын дамыту, есту арқылы сөйлемдерді ажырата білуді қалыптастыру, «р» дыбысының айтылуы мен артикуляциясын қайталау, сөйлемде машықтандыру.
Тәрбиелік: «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдауға, отбасы мүшелерін жақсы көруге тәрбиелеу, сурдопедагогты мұқият тыңдауға дағдыландыру.
Сабақ түрі: Жаңа
Сабақ формасы: жеке сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: практикалық, көрнекі, ауызша.
Көрнекіліктер: «Унитон-ТК» тренажеры, интерактивті тақта,wordwall платформасы, суреттер, қуыршақтар, карточкалар және аудиоматериалдар.