Алғыс сөз
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруіне байланысты білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі жан-жақты дамыған, білім деген оқу танымдық қызығуы мол қоғам талабына сай жоғары қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.
Осыған байланысты мектеп, баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Оқушылардың білімін біліктілігін тест тәсілмен тексеру қәзіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің негізгі мәселесі болып отыр. Қәзіргі кезде барлық мұғалімнің алдына қойған мақсаты-оқушылардың білімін, біліктілігін дамыта отырып ертеңгі Ұлттық Бірыңғай тестен жоғарғы көрсеткіш нәтижелеріне ие болу. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиелеу мақсатында көптеген түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн.
Биология пәні бойынша ұсынылып отырған тест тапсырмаларының мазмұны осы ғылымның Көру мүшелері, Есіту мүшелері, Тыны салу жүйесі, Бөліп шығару жүйесі, Тіс-жақ жүйесі, Тірек-қимыл жүйесі, Қанайналым жүйесі, Саңырауқұлақтар дүниесі мәліметтер өзара байланыстырылған. Тақырыптарды әр тарауды қорытындылау кезінде оқушының алған білімін тексеру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, өй-өрістерін дамыту мақсатында тест жұмыстарының тиімділігі мол.