Орталық Азияда жастар барлық халықтың 25-35% құрайды.Бұл әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өсуіне үлкен мүмкіндік береді.Үкімет саясаты мен халықаралық бағдарламалар жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады,бірақ олар қандай жетістіктерге жетуде?
Орталық Азиядағы білім:
Орталық Азияда жастар үшін білім беру жүйесін жақсарту саласында жұмыстар жүруде. Қазақстанда теория мен тәжірбие араластыратын жаңа дуальды білім беру бағдарламаларын дамытып жатыр. Мысалы, Allur университеттермен және колледждермен жұмыс істеп, адамдарға машиналармен жұмыс істеуді үйрететін зертханалар мен орталықтар құрумен айналысады.Қазақстандағы Халықаралық Бизнес Университеті (UIB) Еуропадағы мектептермен жасалған жаңа келісімдердің арқасында бірден екі диплом беріп, студенттерге алыстан білім алуға мүмкіндік береді.Қырғызстан мен Тәжікстанда ауылдағы балалардың жақсы білім алуы қиынырақ.Бұл мәселені шешу жаңа инфрақұрылым мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруды қаржыландыруды талап етеді.Соңғы бірнеше жылда Өзбекстан білім беру жүйесін жақсарту үшін үлкен реформалар енгізді.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік:
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі әр аймақта әртүрлі.Қазақстанда ол 2023 жылы 3,5%-ды құрады.Өзбекстанда 18-30 жас аралығындағы азаматтар арасындағы жұмыссыздық 17% жетті. 2022 жылы Қырғызстанда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 8,4% құрады.Мамандар айтуы бойынша Тәжікстанда жұмыссыздық деңгейі үлкен қиындықтар туғызады.
Азаматтық белсенділік:
Саясатта Қазақстан жастары 2020 жылы «Аманат» партиясының сайлауында сыналғандардың 29,6 % 35 жасқа толмағандар болды.Орташа жас 46-да, ең кішісі 25-те, ең үлкені 67-де. Бұл фактілер Қазақстандағы жастардың саясаттағы үлесі баяу өсіп келе жатқанын көрсетеді.Өзбекстанда жастардың 43,8% бірде-бір рет қоғамдық шараларға қатыспаған.Қырғызстанда жастар қоғамдық шараларға жиі қатысады.Түркіменстанда жастардың саясатта пассивті болуы мемлекеттің қатаң билігі әсерінен.
Қорытынды:
Орталық Азиядағы жастарға билік беру тек үкіметтер үшін емес, қоғам үшін де үлкен жұмыс.Үлкен өзгерістер енгізу міндетті болып табылады.Бұл білім беру және экономикалық бағдарламаларды, сонымен қатар әділ басқаруға, жаңа идеяларды қаржыландыруға және жастардың өз жолдарын табуына жол ашуға бағытталған қадамдар болуы керек.