Мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудағы көлік салығы тұрақтылығының маңыздылығы.
Мақаланың теориялық негізі отандық және шетелдік ғалымдардың бюджетке қатысты жазылған оқулықтар, мақалалардан құралды. Ал әдіснамалық негізін топтастыру, салыстыру, талдаудың статистикалық әдістері құрды.
Салықтық түсімдерді ұлғайту мақсатында, комитет тарапынан өзгерістер болып жатқанын байқауға болады. Халық санының күн сайын артуы, және көліктерге деген сұраныс салықтардың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да, қалыпты нормативті жүйені құрастыру арқылы, жергілікті бюджеттің дұрыс қалыптастырылуы, оның дұрыс қолданылуы өте маңызды. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетін қалыптастыруда көлік салығынан түскен түсімдер жол саласын қаржыландыру барысында, құрылыс бағдарламаларының уақытылы және сапалы орындалуы жолында маңызды болып табылады. Қалыпты жүйені жандандыру, түсімдерді ұлғайту негізгі міндеттердің бірі.