Бұл мақалада Қазақстан Республикасының несие жағдайына макроэкономикалық деңгейде талдау жүргізілді. Мақаланың өзектілігі экономикадағы ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі қаржыландыру көзі болып табылатын несиенің рөлімен тығыз байланысты. Зерттеу барысының мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі несиелік төлем қабілеттілігінің төмендігінің себебін айқындап, шешім келтіру.
Теориялық негізі ретінде соңғы үш жылдық кезеңді қамтитын статистикалық деректер пайдаланылды. Зерттеудің ақпараттық негізін отандық және шетелдік әдебиеттердегі несие жайлы жарияланған дереккөздер, Қазақстан Ұлттық Банкі мен Ұлттық Статистикалық Бюросын құрады. Нәтижесінде елдің несие жүйесіндегі төлем қабілеттілік деңгейінің төмендігі дәлелденіп, шешу жолдары ұсынылды.
Түйін сөздер: несие, қаржылық сауаттылық, экономика, нарық, тұтынушы, кәсіп, төлем қабілеттілігі, пайыздық мөлшерлеме, кредитор, банк;