Аннотация: Мақалада Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша қазіргі жағдайы көрсетілген. Яғни қазіргі кезде елімізде 27 сақтандыру компаниялары бар, оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 9 компания. 2020 жылмен салыстырғанда жалпы сақтандыру компанилары 1 компанияға азайған болатын.
Кілт сөздер: сақтандыру секторы, актив, міндеттеме.
Сақтандыру қазіргі кезде еліміздің экономикасы үшін, әлеуметтік салалары үшін маңызды рөлді атқарады. Яғни сақтандыру арқылы еліміздің кәсіпорындарының тұрақты қызмет етуіне кепілділік береді, қоғамға пайдалы қызмет түрлерін асыруға мүмкіндік береді жәнеде т.с.с. Қазір біздің өмірімізде сақтандырудың көптеген түрлері бар. Мысалға келтірер болсақ өмірді сақтандыру, ұшақты немесе автокөлікті сақтандыру, жиһаз, тауарларды сақтандыруға болады. Мұның бәрі колайсыз жағдайларда шығынның аз кетуіне көмек бере алады. Сонымен қатар әр бір тұлға сақтандыру жайлы келесі ақпаратты білгені дұрыс. Яғни сақтандырудың жалпы не екенін, сақтаныру қызметтері қалай жұмыс жасайтынын, сақтандырудың түрлері мен оның сыйлықақылары қайда жұмсалатынын жәнеде сақтандырылуға өтініш берушіге деген кеңес пен толық ақпарат.[1] Яғни осы пунктер арқылы әрбір тұлға өзіне әрдайым сенімді болады.