Мақалада Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайына талдау жасалған. ШОБ-тің Қазақстан экономикасындағы рөлі анықталған. Зерттеу жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қызмет етуінің ерекшеліктері, жүйелі проблемалары айқындалған. Республикадағы ШОБ-тың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жасау кезінде ақпаратты жинау әдістері, соның ішінде қажетті материалды тиімді іздеу, топтастыру, өңдеу және қорытындылау әдістері қолданылды. Салыстырмалы әдіс арқылы экономикалық индикаторлардың динамикасын зерттеу шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік реттеудің жүйелік проблемаларын айқындау себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік берді. Экономикалық әдістерді қолдану арқылы Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың перспективті бағыттары анықталған. Олардың қатарына мыналар жатқызылады: билік пен шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдерінің өзара әрекеттестік стратегиясы мен тактикасы, ШОБ (салықтық, қаржылық, инновациялық) қолдау заңнамаларын жетілдіру; ШОБ қаржы ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету механизмін жетілдіру, мамандандырылған кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орталық құру және бизнес-интеграцияның заманауи формаларын дамыту.
Публикации
Похожие материалы
- Аттестациядан өтетін мұғалімдерге арналған тест жауаптарымен
- Ақпараттық коммуникациялық технология
- Дене шынықтыру пәнінен тест сұрақтары
- Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
- Оқушының қобызда ойнау шеберлігін дамыту
- Мүгедек балдарды қоғамға бейімдеу арқылы сауықтыру жолдары
- Мемлекеттік басқарудың құралы ретінде ішкі аудитті жетілдіру
- Қазақстан тарихы пәнін оқытуда заманауи әдістерді қолдану
- Жаңартылған білім беру мазмұны аясында акт-ны қолданудың тиімділігі
- Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылатын білімді тексеру мен бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдері
Наши олимпиады



