Инвестиция ұғымы латын тілінен алынған «салым салу» анықтамасымен бейнеленеді, яғни пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталған мүліктік және рухани құндылытарды сипаттайды. Қазақстанда инвестициялық қызмет бекітілген инвестициялық қызметтер туралы заңдарымен реттелінеді, ал негізгі заңы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 373-2 заңы болып табылады. Қазақстан әлемдік елдермен жақсы байланыс құру, экономикалық байланысты дамыту арқылы отанымызға деген инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін арта түсті.
Түйін сөздер: Статистикалық әдістерді қолдана отырып және дереккөздерге сүйене Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар және тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияларға, яғни тікелей инвестицияларға талдау жасау, түсіндіру мемлекетіміздің бірден бір мақсаты болып танылды. Мақала жазылу барысында мемлекет тарапынан материалдық құндылықтарға, бизнеске, бизнес жобаларға, өндіріске және тағы басқа бағыт, салаларға тартылған инвестициялар қарастырылған.
Инвестициялар мемлекет тарапынан тікелей көрсетілген және сол инвестициялардың көрсеткіштері кесте, диаграмма және тағы басқа амалдар арқылы бейнеленген. Тікелей инвестициялар жарқын болашаққа деген жақсы инвестициялардың бірі болап саналады, себебі бұл инвестициялар бірнеше жылдардан кейін өте үлкен көлемде пайда алып келуі мүмкін. Келесіде Қазақстандағы жоғарғы көрсеткіштерге ие болған инвестиция тартылған салалар қарастырылған.