Социофобия бұл әлеуметтік жағдайларда басқа адамдардың теріс бағалауынан, сынға ұшырауынан қатты қорқу. Бұл мәселе жасөспірімдер үшін әсіресе маңызды, себебі бұл жеке қасиеттердің, өзін-өзі бағалаудың және қарым-қатынас дағдыларының қалыптасу кезеңі.Социофобиядан зардап шегетін жасөспірімдер сабақта презентация жасаудан, мұғалімдердің сұрақтарына жауап беруден, жаңа адамдармен кездесуден немесе өз ойларын ашық білдіруден аулақ болуы мүмкін.Мұндай мінез-құлық сырттай қарағанда қарапайым ұялшақтық болып көрінуі мүмкін, бірақ оның негізгі себебі қатты қобалжу болуы мүмкін.
Зерттеулер бұл фобияның құрдастарымен қарым-қатынасқа, оқу үлгеріміне және мектеп өміріне қатысуға кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Буллинг, әлеуметтік теңсіздік, жағымсыз тәжірибе және өзіне деген төмен сенімділік оның күшеюіне ықпал етеді.
Ең қауіпті тұсы ол қашу уақытша жеңілдік бергенімен, қорқыныш сезімі ұзақ мерзімде қалуы мүмкін.Сондықтан жасөспірімді «ұялшақ» деп сынаудың орнына, оның жағдайын түсініп, қолдау көрсету маңызды. Қажет болған жағдайда психологпен жұмыс істеу әлеуметтік жағдайлардағы қиыншылықтарды басқаруға көмектеседі.
Социофобия бұл мінездің әлсіздігі емес, адамның өмір сапасына әсер ететін психологиялық мәселе.



