Зерттеу жұмысының мақсаты-қаржылық тұрақтылықты арттырудың негізгі жолдарын табу және зерттелетін кәсіпорындар үшін нақты өсу факторларын анықтау.
Бұл мақаланың міндеттері ғылыми және әдістемелік материалдарды зерттеу, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қарастыру, қолда бар есеп негізінде кәсіпорынның қаржылық талдауын жүргізу, жағымсыз тенденцияларды анықтау және қаржылық тұрақтылық деңгейіне әсер ететін маңызды факторларды анықтау болып табылады.
Нарықтық бәсекелестік жағдайында қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету отандық кәсіпорындардың басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыста зерттеудің келесі міндеттері қойылған:
- қаржылық тұрақтылық ұғымының әртүрлі түсіндірмелерін қарастыру және ең маңызды белгілерді анықтау;
- қаржылық тұрақтылықты талдаудың негізгі принциптерін, атап айтқанда экономикадағы қаржылық тұрақтылықтың мәні мен маңыздылығын зерттеу,
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қолданылатын негізгі әдістерді зерттеу;